QazaqGazда «Барлау және өндіру» бөлімшесі құрылды

Санжар Жаркешов :10 жаңа жобаны портфелімізге қосамыз деген жоспар бар

          QazaqGaz Ұлттық компаниясы «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта құру арқылы барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімшені ашты. Бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы  Санжар Жаркешов хабарлады.

QazaqGaz басшысының айтуынша, компания газдың ресурстық базасын ұлғайтып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді жұмысты қолға алған.

«QazaqGaz геологиялық барлау активтерін арттыра береді. Жер қойнауын пайдалану бойынша артықшылығымызды пайдаланып, 10 жаңа жобаны портфелімізге қосамыз деген жоспар бар.  Жаңа жобаларды осы бөлімшенің «Барлау және өндіру» құрылымына жинаймыз»,-деді Санжар Жаркешов.

Бұдан басқа, ұлттық компания басшысы газ саласының инвестициялар үшін тиімді болып келе жатқанын алға тартып, компанияларды еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда