Қазақстаннан Солтүстік Македонияға экспорт 73,6 есеге өсті

Металл өнімдері мен зығыр тұқымдары есебінен

2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы $8,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 есе жоғары. Бұл туралы ҰЭМ ресми телеграм-каналы хабарлады.

Қазақстаннан Солтүстік Македонияға экспорт 2022 жылғы қаңтар-тамызда 73,6 есеге өсіп, $7,3 млн құрады.

Экспорттың өсуі металл бұйымдары мен зығыр тұқымдарын жеткізудің артуымен байланысты.

Солтүстік Македониядан Қазақстанға импорт 2022 жылғы қаңтар-тамызда 55,1%-ға өсіп, $1,6 млн құрады.

Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары – дәрілік заттар, киім, жылжымалы құрамның бөлшектері, пластмассадан жасалған бұйымдар, оқшауланған сымдар мен кабельдер.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда