Құс тұмауының өршуіне байланысты жапондықтар тауықтардың бәрін соятын болды

1,5 миллион тауықты жоюға бұйрық берді

Жапонияның Окаяма және Ибараки префектураларының билігі құс тұмауының өршуіне байланысты 1,5 миллион тауықты жоюға бұйрық берді. Бұл жұма күні Окаяма әкімшілігі мен Жапонияның ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы министрлігінің сайттарында жарияланған хабарламада жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Окаямада құс тұмауының өршуіне байланысты Курасики қаласындағы фермада 510 мыңға жуық тауық сойылады. Жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, індеттің салдарын жоюға Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің жауынгерлері тартылуда. Касумигаура қаласында (Ибараки префектурасы) бірден 1 миллион тауықты сою жоспарланып отыр.

Осы маусымда осымен үшінші және төртінші рет ауру өршіді. Қазан айының соңында Хоккайдо мен Окаяма префектураларындағы екі эпидемияға байланысты 340 мың тауық жойылды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда