Смайылов заңнаманы бизнеске қажетсіз талаптардан «тазартуды»тапсырды

Жарияланды
Бұл жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға нормативтік-құқықтық актілерді талдауды жеделдетуді тапсырып, бұл жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Тездету керек. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет: бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ кеңесте бизнестің проблемалық, оның ішінде Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстарында көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды орындау барысы қаралды.

Сондай-ақ оқыңыз