Қытай Қырғызстанға гуманитарлық көмек береді

Нақты айтсақ, Баткен облысының тұрғындарына

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Азизбек Мадмаров пен ҚХР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ду Дэвэннің кездесуі өтті. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, кездесуде Қытай тарапы Тәжікстанның шекарадағы агрессиясынан зардап шеккен Баткен облысының тұрғындарына 100 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Қаражат жақын арада қырғыз тарапы көрсеткен есепшотқа аударылады. Азизбек Мадмаров Қытай тарапының шешімі Қырғызстан мен Қытай халықтары арасындағы терең достықты толық көрсететінін атап өтіп, елшіге алғысын білдірді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда