Америкалық Meta (Facebook) қызметкерлерін қысқартпақ

Жарияланды
18 жылдық тарихындағы алғашқы ірі қысқарту болмақ.

Америкалық Meta Platforms Inc. (бұрынғы Facebook) осы аптада қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, қысқартуға мыңнан астам қызметкер ілінбек. Мамандарды қысқарту туралы сәрсенбіде хабарланады. Бұл компанияның 18 жылдық тарихындағы алғашқы ірі қысқарту болмақ.

Әзерге Meta өкілі бас директор Марк Цукерберг бұл мәселеге қатысты ешқайда сұхбат бермеді.

Қазанның аяғында Meta акцияларының бағасы қаржылық есеп жарияланғаннан кейін шамамен 20 пайызға құлдырады.

Ақпарат kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды

Сондай-ақ оқыңыз