ЕО Украинаға 2023 жылы 18 миллиард еуро береді

Жарияланды
Еурокомиссия басшысы Киевке қаржылық қолдау ретінде айына 1,5 млрд еуро бөлуді ұсынды

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одаққа Киевке қаржылық қолдау ретінде айына 1,5 миллиард еуро бөлуді ұсынады. Ол Берлинде Украинаны қалпына келтіруге арналған халықаралық конференцияда осындай мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Брюссельде хабарланғандай, фон дер Ляйен Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы осы мәселелерді талқылаған. Оның айтуынша, еуропалық көмек көлемі 2023 жылы шамамен 18 миллиард еуроны құрайды. Бұл сома сонымен қатар, ЕО-ға кіру жолындағы реформаларды қаржыландыруды қамтиды.

Еурокомиссия басшысы халықаралық ұйымдар Киевтің қажеттілігін ай сайын 3-5 миллиардқа бағалап отырғанын және бұл тек ағымдағы шығындар екенін атап өтті. Украина премьер-министрі Денис Шмигал үкімет келесі жылы бюджет тапшылығын жабу үшін ай сайын ЕО-дан 1 миллиард доллар және АҚШ-тан 1,5 миллиард доллар алады деп күтетінін айтты. Халықаралық валюта қоры осы жоспарлар бойынша Киевке 12 миллиард доллар бөлуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз