Алматы – Қонаев электр пойыз бағыты ашылады

Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған болатын. Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады.

Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.

Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар. Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы тапсырмасын 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында берген болатын.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда