Дамушы елдердің валюталары апта ішінде қалай өзгерді

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 4 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (467,00 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 464,45 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Оның ішінде АҚШ негізгі мөлшерлемесінің жылдық 3,75-4%-ға дейін 75 б.т. артуы – басты оқиғалардың бірі. АҚШ ФРЖ Ашық нарықтар комитеті отырысының қорытындысы бойынша, төраға Джером Пауэлл пайыздық мөлшерлемені арттыру серияларын тоқтата тұруды талқылаудың «мерзімінен ерте» екенін атап көрсетті. Аталған отырыс қарсаңында АҚШ-тың қазынашылық облигациялары мен АҚШ долларының DXY индексі кірістілігінің артуы байқалды.

Бірақ, АҚШ Еңбек министрлігінің АҚШ-тың ауыл шаруашылығына жатпайтын секторындағы жұмыс орындарының саны 261 мыңға өсуі туралы деректері шыққаннан кейін жағдай өзгерді, бұл талдаушылардың болжамы 200 мыңнан асып түсті. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ға дейін көтерілді. Аралас деректер шыққаннан кейін АҚШ доллары аптаның басындағы деңгейге қайта оралып, едәуір әлсіреді. 

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын құрды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы жоғары пайыздық мөлшерлемелер, сондай-ақ Бразилия тарихында үшінші рет Луис Инасио Лула да Силва жеңіске жеткен президенттік сайлау аясында 4,5%-ға (5,3-тен 5,06-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуіне байланысты шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,4%-ға (19,8-ден 19,52-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ долларының әлсіреуі аясында 1,3%-ға (18,13-тен 17,9-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,59-дан 18,57-ге дейін) нығайды. Қазанда инфляция қатарынан 17 ай бойы қарқын алып, 85,5%-ға жетті.
  • үнді рупиясы 82,48-ден 82,44-ке дейін біршама нығайды;
  • Ресей рублі Джером Пауэлдің ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту туралы пікірлерінен кейін АҚШ долларының нығаюы аясында 0,9%-ға (61,52-ден 62,1-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің артуы аясында 1,2%-ға (15554-тен 15738-ге дейін) әлсіреді;
Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда