Түркияда автобус пен екі жүк көлігі соғылып, жеті адам көз жұмды

Жарияланды
Президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Түркияның Агра қаласында ірі жол апаты болды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапты. 18 жолаушы зардап шекті.

Қайғылы жағдай автобус пен екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан орын алған. Үш көлік те бірден отқа оранды.

Өрт өшірілді. Қазіргі таңда негізгі жол жабық. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз