БҰҰ: Украинада ақпан айынан бері 6,5 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ нақты сандар әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін атап өтті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, Украинадағы 24 ақпан мен 6 қараша аралығындағы әскери қақтығыстарда қаза тапқандар саны 6490-ға жетті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Жоғарғы комиссары басқарманың мәліметінше, тағы 9972 адам жарақат алған.

Бейбіт тұрғындардың көпшілігі ауыр артиллерия мен зымырандарды қоса алғанда, кең ауқымды жарылғыш қаруды қолданудан зардап шекті.

Нақты сандар әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені қарқынды ұрыс болған бірқатар жерлерден алынған ақпарат кейінге қалдырылды немесе есептер растауды күтуде.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда