ҚР компаниялары қоғамға қалай көмектесіп жатыр?

Жарияланды
ҚР-да 2,3 мың ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 100-ден астамы тау-кен өнеркәсібінде

Кез келген елдің экономикасының дамуында ірі компаниялардың алатын орны ерекше. Олар салық пен басқа да міндетті төлемдердің айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді, мыңдаған жұмыс орындарының көзі және олар жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етеді. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

Сондықтан ірі компаниялар көпшіліктің назарын аударып, қоғамды әлеуметтік қолдауға жауапкершілікпен қарайды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінде әлемдегі және Қазақстандағы ірі компаниялардың қызметін бағалаудың маңызды критерийі.

Биылғы қазан айында ҚР-да жұмыс істеп тұрған 2,3 мың ірі компания бар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% көп.

Қазақстанда экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты мұнай-газ саласындағы және тұтастай алғанда тау-кен өнеркәсібі саласындағы компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке ұмтылуы маңызды рөл атқарады. Бүгінде елімізде тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істеп тұрған ірі 102 компания бар.

Бұл компаниялардың көпшілігі әдетте күрделі климаттық жағдайларға байланысты да, жергілікті бюджеттердің шектеулілігі мен моноқалалар ерекшеліктеріне байланысты да әлеуметтік инвестицияларды дамыту ерекше өзекті саналатын еліміздің шалғай аудандарында жұмыс істейді. Мұнай-газ саласының тұрақты дамуы мен жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік салада ұзақ мерзімді серіктестікті сақтау тұрақты және ажырамастай өзара байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз