Украина президенті G20 саммитіне қатысады

Жарияланды
Мемлекет басшысы іс-шараға онлайн түрде қатысуы мүмкін

Украина президенті Владимир Зеленский Индонезияның Бали аралында өтетін G20 саммитіне қатысады.

«Әрине, қандай да бір форматта Владимир Зеленский G20 саммитіне қатысады. Мен артық айта алмаймын», – деп келтіреді РБК-Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың сөзін.

Ал, БАҚ Украина көшбасшысының бұл шараға онлайн қатысуы мүмкін екенін жазып жатыр.

G20 саммиті 2022 жылдың 15-16 қарашасында Индонезияда Бали аралында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз