НАТО саммиті 2023 жылы Литвада өтеді

Солтүстік Атлантикалық блоктың жетекшілері Вильнюсте бас қосады

НАТО-ның келесі саммиті 11-12 шілдеде Литвада өтеді. Бұл туралы әскери-саяси блоктың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вильнюс саммиті альянсты нығайту және қиындықтарды болжай білу қабілетін арттыру бойынша қадамдарды келісу үшін жақсы мүмкіндік болмақ. Шараның күн тәртібінде Украинаға қолдау көрсету және қорғаныс шығындарын ұлғайту мәселелері де болады.

Трансатлантикалық байланыстарды нығайту Еуропадан Солтүстік Америкаға дейінгі ондаған елдердегі 1 миллиард адамның қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті.

НАТО-ның соңғы саммиті 2022 жылы 28-30 маусымда Мадридте өтті.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда