ҚТЖ Көмірді тиеу жоспарын 102%-ға орындады

Жарияланды
Теміржол көлігімен 35 млн тонна тас көмір тасымалданды

Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері (2022 жылғы 1 мамырдан 1 қарашаға дейін) ел тұтынушылары үшін теміржол көлігімен шамамен 35 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл тиеу жоспарына 102% -ті құрайды. Оның ішінде еліміздің жылу электр орталықтарына 29,8 млн. тонна жеткізілді, жоспар 101% орындалды. Тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 5,1 млн. тонна тиелді. Бұл ретте тиеу жоспары 108% орындалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қатты отынды тасымалдау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазтеміртранс» АҚ еншілес кәсіпорны паркінің 17,3 мың жартылай вагоны жұмылдырылды, оның ішінде 8,7 мыңнан астамы қатты отынды жылу электр орталықтары үшін, ал 8,6 мыңнан астамы тұтынушылар үшін жеткізеді.

Көмір разрезі өкілдерінің қатысуымен ҚТЖ штабы Қазақстан бойынша көмір тасымалдауды үйлестіреді. Барлық туындаған мәселелер жедел түрде шешіледі. Өңірлерде жүк жөнелтушілерді вагондармен уақтылы қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ оқыңыз