Қарағанды облысында құны 11 млрд теңгені құрайтын зауыт ашылды

Жарияланды
Зауытта катодты мыс шығарады

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Борлы кен орнында «IrKaz Metal Corporation» ЖШС катодты мыс өндіретін Қазақстан-Иран бірлескен зауыты ашылды.

Зауыттың қуаттылығы жылына 5 мың тонна катодты мыс шығаруға жетеді.

Жоба бойынша инвестиция сомасы 140 тұрақты жұмыс орнын құрумен 11 млрд теңгені құрады. Инвестор инвестициялық келісімшартқа KAZAKH INVEST көмегімен қол қойды.

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз