Елімізде қандай банктер ең жақсы нәтиже көрсетіп жатыр?

Қазақстандық банктердің несие портфелінің бір жылдық өсімі 23,3%-ға жетті

Қазақстандық банктердің несие портфелі бір айда 2,3% өсіп, биылғы 1 қазанда 22,3 трлн теңгені құрады. Бір жылдық өсім 23,3%-ға жетті.

Bank RBK ай сайынғы өсім бойынша елдегі ең ірі кредитор банктердің ондығына көшбасшы: көрсеткіш бірден 9% көбейіп, 865 млрд теңгеге жетті. Жылдық динамика бойынша банк портфелі бір жарым есе өсті. Банк кәсiпкерлiк субъектiлерiн де, халықты да несиелейдi, ал жеке тұлғаларға өте үлкен сомаға ұзақ мерзiмдi несиелер ұсынылады. Мәселен, «Қолма-қол ақшалай» қажет несиенің ең жоғары сомасы 10 млн теңге, ал мерзімі 7 жылға дейін (мөлшерлемесі — 8%, ЖТСМ — 19,3%).

Сонымен қатар, Bank RBK несие портфелінің сапасы нарықтағы үздіктердің бірі болып қала береді: қазан айының басына қарай банктегі мерзімі өткен төлемдері 90 күннен астам (NPL 90+) несиелердің үлесі небәрі 2,8%-ды құрайды, бір ай бұрын да осылай болған, ал бір жыл бұрын 7% болған. Бұл ең ірі банктер арасындағы бір жылдағы ең ауқымды қысқару.

Салыстыру үшін: ҚР ЕДБ-дегі NPL 90+ үлесі орташа алғанда 3,6%, бір ай бұрын да осылай болған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,3%, бес жыл бұрын 12,7%, он жыл бұрын 30,9% болған.

Несие портфелінің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында ЦентрКредит Банкі: 8,8% көбейіп, шамамен 2 трлн теңгеге жетті. Банк портфелінің жылдық өсімі 61,9%-ды құрады. Айта кету керек, соңғы айлардағы мұндай өсім бұрынғы ресейлік еншілес ұйым, бұрынғы Альфа-Банкті Eco Center Bank деп өзгертіп, содан кейін ЦентрКредит Банкпен біріктірілген қаржы институтын иемденуіне байланысты. Бұл осы жылдың қыркүйегінде болды. Сосын Eco Center Bank біржола өз қызметін тоқтатқанын жариялады. ЦентрКредит Банкінің портфеліндегі «нашар» несиелердің үлесі 2,8% (бір ай бұрын 3,4% болған).

Үздік үштікті Еуразиялық Банк жабады: бір айда 4,3% көбейіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк портфелі 51,3% өсті. 90 күннен асып кеткен төленбеген несиеге келетін болсақ, мұнда оның портфельдегі үлесі бір ай бұрынғыдай 6,6%. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,9% болған еді.

Қазіргі уақытта теріс үрдісті сақтап отырған алғашқы ондықтағы жалғыз банк, күткендей, бұрынғы «ресейлік», кейін «Бәйтерек» ҰБХ меншігі арқылы мемлекетке өткен Bereke Bank (мәміле биылғы 2 қыркүйекте аяқталды). Бір айда банк портфелі 4,3%, бір жыл ішінде бірден 45% қысқарды. Банк портфеліндегі NPL 90+ үлесі бір ай бұрын 7,9%, бір жыл бұрын 5,1% болса, қазір 8,3%.

Тұтастай алғанда, секторда нарықта қалған елдегі 21 ЕДБ-нің ішінде ай сайынғы динамика бойынша 15 қаржы институты, ал жылдық мәнде 17 банк оң аумақта.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда