Король Чарльз III-ге жұмыртқа лақтырған жігіт қамауға алынды

Жарияланды
Оқиға монархтардың серуендеу кезінде болды

Ұлыбритания королі Чарльз III мен королева Камиллаға жұмыртқа лақтырмақ болған 23 жастағы жігіт қамауға алынды.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Йорк қаласында монархтардың серуендеу кезінде болған. Жұмыртқалар оларға тимей, жақын жерге құлады.

«Бұл мемлекет құлдардың қанына құрылған!». – деп айғайлады ер адам тұтқындау кезінде.

Сондай-ақ оқыңыз