Енді Қонаевтан Алматыға пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді

Жарияланды (жаңартылды )
Билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып алуға болады

   «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 11 қарашадан бастап «Қонаев-Алматы» қатынасымен №6906/6907 қаламаңы пойызын іске қосты.  Дизель рельсті құрам күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, ал Алматы станциясынан сағат 19.00-де жөнелтілетін болады, жол жүру уақыты 1 сағат. 17 минут.

  Осы маршрутты қаржыландыру Ұлттық тасымалдаушы есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, осы бағыт бойынша тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау бойынша 2023 жылға арналған тендер өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

«Негізгі міндеттердің бірі – облыстың көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру. Үкімет әкімдікпен бірлесіп көлік желісін жақсарту жөнінде кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Жолаушылар мен жүк тасымалы мүмкіндігін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев арасындағы автожол желісімен қатар теміржол желісін де дамыту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз