Дүйсенбек Еренбек: Бір аптада 1 млн теңге табыс табамын

 Кәсіпкер балаларға арналған ерекше орындық жасайды

Ата-аналар балаларына ең жақсы нәрсені алып бергісі келеді. Сәбилер бір жасқа келгенде өздері арнайы орындыққа отырып тамақ іше бастайды. Бүгінгі кейіпкеріміз балаларға арналған ерекше, таза ағаштан жасалған орындық шығарып жүр. Қазақстанға бұндай орындықтар негізінен Ресейден келетін. Қазір өзіміздің кәсіпкерлер де осы істі дөңгелетіп отыр. Еренбектің айтуынша, бұл кәсіп бір аптадан 1 млн теңгеге жуық пайда әкеледі.

– Сіздер жасайтын орындық несімен ерекше?

– Ең біріншіден, бұл орындықтар әмбебап.  Бұл орындықтарға бір жастағы баладан бастап, мектеп бітіргенше отыруға болады. Орындықтар 120 кг дейін көтере алады. Бұл орындықтардың арқасы тік, бұл баланың омырқасының дұрыс дамуына септігін тигізеді. Орындықтар баланың қажеттілігіне байланысты размерін ауыстырып тұрады. Ұзарту керек болса ұзартып, қысқарту керек болса, қысқарта аласыздар. Орындықта арнайы аяқ қоятын жері бар, балаға өте ыңғайлы болады.

– Бұл орындықтардың бағасы қанша?

– Бұл орындықтың бағасы біздің цехта 20 мың теңге. Ал нарықтаға бағасы 38 мың теңге көлемінде. Бұл орындықтардың шет елден келетіні қымбат тұрады. Ал біз цехта халықтың жағдайын ескере отырып бағасын қолайлы етіп қойдық.

– Бұл орындықтардың салмағы қанша?

– Балалар орындығының салмағы – 9 келі. Бұл орындықтарды таза ағаштан ойып, мультикам аппараты арқылы жасаймыз.

– Бір орындық 20 мың теңгеге сатылса, сізге түсетін таза пайда қанша теңге?

 – 20 мың теңгеде сатылған орындықтан 20 пайыз таза пайда түседі. Қазіргі уақытта бір аптада 50 дана орындық сатылып жатыр. Бір аптада 20 мың теңгелік 50 орындық сатып 1 млн теңге табыс тауып жатырмыз.

– Бұл кәсіпті қанша теңгемен бастадыңыз?

– Бұл кәсіпті 1,5 миллион теңге көлемінде бастадым. Бірақ бұл бизнесті 500 мың теңгемен де бастауға болады.

– Жиһаз жасайтын мекеменің көлемі маңызды ма? Цех қанша квадрат болуы қажет?

– Кем дегенде 70-80 квадрат болуы керек. Бұл жерде құрылғылар бөлек (фреза), бояу (краска) міндетті түрде бөлек тұруы қажет. Орындыққа бояу жағатын бөлмеде ешқандай шаң-тозаң болмауы тиіс.

– Жұмыс істеп отырған ғимаратты жалға алып отырсыздар ма?

–  Мекемені айына 150 мың теңгеге жалдап отырмыз.

– Орындыққа қандай материал қолданасыздар?

– Орындыққа қажет  материал фасат деп аталады. Сапасы өте жақсы. Бұл материал Ресейден келеді. Суға төзімді, апаратта кесу үшін  өте ыңғайлы ағаш. Ал бояуды арнайы Турциядан алып, пайдаланамыз. Бұл бояудың сапасы жақсы, тез кебеді.

Цехта қанша адам жұмыс істейді?

– Қазіргі уақытта цехта 3 адам жұмыс істеп жатыр.

– Күніне қанша орындық жасайсыздар?

– Бір күнде 20 орындық жасаймыз. Алдағы уақытта 40-50 орындықты бір күнде шығару жоспарда бар.

– Неге нақты балаларға арналған орындық жасаймын шештіңіз?

– Бұл орындықтар біздің елде көп жасалмайды.  Kaspi сайтынан бұл орындықтардың бағасы өте қымбат. Өйткені Ресейден келеді. Ең бастысы отандық өнімді өз елімізде жасағым келді. Сондай-ақ, бұл кәсіпте пайда бар екендігіне көзім жетті.

– Бұл саламен қанша уақыт бойы айналысып жүрсіз?

– Бұл саланы 1,5 ай зерттедім. Ал нақты бастағаныма 2 айдан астам уақыт болды.

– Өзін толық ақтай ма?

– Әрине, толы ақтайды.

–  Бұл кәсіптің артықшылығы мен кемшілігі қандай?

– Бұл кәсіптің артықшылығы ешкімге тәуелді болмайсыз. Отандық өнім. Кемшілігі жұмыс ауыр және қиын. Бұл бизнесті кез келген адам бастап кете алмайды.

– Кез келген адам кәсіпкер бола алама?

– Жоқ олай ойламаймын. Кез келген адам кәсіпті жүргізе алмайды.

– Кәсіпте ақша бар ма?

– Кәсіпте ақша  бар және өте көп.

Сұқбатыңызға рақмет.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда