Ердоған Стамбулдағы жарылысты лаңкестік әрекет деп атады

Жарияланды
Түркия президенті: Стамбулдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды

Ыстамбұл орталығында болған жарылыстан алты адам қаза тапты, жарақат алғандар саны 53-ке жетті, деп хабарлады Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Алғашқы бақылаулар жарылысқа әйелдің қатысы бар екенін көрсетеді, деп қосты ол.

Ердоған жарылыстан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сондай-ақ «Түркия мен түрік халқын терроризм арқылы бағындыру әрекеті бүгін де, ертең де өз мақсатына жете алмайтынын» айтты.

Сондай-ақ оқыңыз