Түркиядағы жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шекпеген

Жарияланды
Ақпаратты анықтау біраз уақыт алды

Түркияның Ыстанбұл қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Кешегі Ыстанбұлдағы суық хабарды естіп, біздің сол қаладағы Бас консулдығы жергілікті билікпен байланысқа шықты. Әрине, ақпаратты анықтау біраз уақыт алды. Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Түнімен біздің дипломаттар жақын маңдағы барлық ауруханаларды зерттеп шықты. Қуанышқа орай, біздің азаматтарымыз зардап шеккендер тізімінде жоқ. Алайда, әлі де тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты Түркия тарапы өзге ақпарат ұсынбайды», – деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, кеше Ыстанбұл орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болған еді. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды.

Сондай-ақ оқыңыз