Дамушы нарық валюталары оң динамика көрсетті

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 11 қарашада теңгенің нарықтық бағамы қаралып отырған кезеңде 0,5%-ға (464,45 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 462,01 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 4-11 қараша аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. 8 қарашада АҚШ Конгресінде аралық сайлау өтті, алдын ала нәтижелер күткендей болды: Республикалық партия төменгі палатадағы бақылауға ие болса, демократтар Сенаттағы басымдықты сақтап қалды. АҚШ-тағы тұтыну инфляциясы қазан айының қорытындысы бойынша, талдаушылардың күткеніне қарағанда ж/ж 7,7%-ға дейін едәуір бәсеңдеді. Бұның өзі АҚШ ФРЖ үшін мөлшерлемені арттыру қарқынын бәсеңдетуге негіз болады. Филадельфияның ФРБ басшысы мөлшерлемені 4,5%-ға дейін ұлғайтқаннан кейін экономиканың ахуалын бағалау үшін Орталық банктің үзіліс алуы мүмкін екенін айтты. ҚХР Үкіметі шетелден келушілерге карантинді 7 күннен 5 күнге дейін қысқартылатынын хабарлады, бұл – елдегі ковидке қатысты шектеулердің жеңілдетілгенін білдіреді.

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталардың оң динамикасын құрды. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 3,7%-ға (17,9-дан 17,24-ке дейін) нығайды. ОАР-дың өнеркәсіптік өндірісі қыркүйекте ж/ж 2,9%-ға дейін қарқын алды;
  • Ресей рублі қарашада экспорттаушыларды салықтық төлемдерге дайындау аясында 2,5%-ға (62,1-ден 60,54-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі және бейрезиденттердің қор нарығына (дүйсенбіде акциялар нарығына 239 млн АҚШ долларының) ағылуы аясында 2%-ға (82,44-тен 80,81-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы шетелдік портфельдік инвестициялардың (дүйсенбіде борыш нарығына 37,6 млн АҚШ долларының) әкелінуі аясында 1,5%-ға (15 738-ден 15 495-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы 0,1%-ға (19,52-ден 19,5-ке дейін) нығайды. Қазанда елдегі инфляцияның ж/ж 8,41%-ға дейін бәсеңдеуі және Президенттің экономиканың өсуін қолдауға шақыруы аясында ОБ мөлшерлемені 75 базистік тармаққа 10%-ға дейін көтерді, инвесторлар Мексикада ақша-кредит саясатының тез арада жеңілдеуінен қауіптеніп отыр;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,57-ден 18,58-ге дейін) әлсіреді. Қаржы министрлігі 10%-дық мөлшерлеме бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары сомасында 5 жылдық еурооблигацияларды орналастыруды ұсынды;
  • Бразилия реалы жаңа сайланған ел президентінің сайлауалды уәделерін орындау үшін фискалдық шығыстардың айтарлықтай ұлғаю мүмкіндігіне қатысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 5,3%-ға (5,06-дан 5,33-ке дейін) әлсіреді.
Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда