Ауғанстанда тәліптер енді қылмыскерді шариғат заңы бойынша жазалайды

Жарияланды
Кінәлілер көпшілік алдында жазаланады

Енді тонау, адам ұрлау, бүлік салу сияқты қылмыстар үшін кінәлілер көпшілік алдында аяқ-қолын кесіп, таспен ұру арқылы жазаланады, деп хабарлайды Хабар 24 .

«Талибан» қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада ауған судьяларына 1996-2001 жылдардағыдай шариғат заңдарына сәйкес жаза тағайындау тәжірибесін енгізуді бұйырды. Одан кейін билікке келген тәліптер көпшілік алдында жазалауды енгізді.

Еске салайық, бұған дейін елдегі әйелдердің саябақтарға, спорт залдары мен моншаларға баруына тыйым салынған болатын.

Талибан ұйымына Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен Қазақстанда тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыз