Бизнеске мобайл қолданбалар қаншалықты қажет?

Жарияланды
Мол пайдаға кенелтетін әдістің қыр-сыры

Бизнесті дамытудың түрлі жолы бар. Соның ішінде заманауи әдістерді таңдаған адам қателеспейді. Бір басына бірнеше телефон ұстау қалыпты жағдайға айналған кезде смартфонға арналған қолданбалар жасау — нағыз керек әдіс. Бүгінгі материалымызда бизнес иелеріне мобайл қолданба керек пе, қай кезде қажеті жоқ, нені ескерген жөн — осы туралы айтамыз.

Кейінгі кездері мобайл қолданбалар саласы қарқынды дамып келе жатыр. Мысалы App Annie аналитикалық компаниясының деректеріне сүйенсек, 2021 жылы бір қолданушы орта есеппен бір тәуліктің 4,8 сағатын түрлі мобайл сервистерге жұмсаған. Бұл — аталған нарық пайда болғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. Осы ретте тағы бір қызық деректер айтайық. Былтыр бір минутта 435 мың қолданба жүктелген екен. Ал оларға кететін шығын 25 пайызға өсіп, жылына 135 млрд долларға жетіп жығылған. Бұл дегеніміз кәсібі барларға мықты сигнал деуге болады. Өйткені бұрын-соңды мобайл қолданба жасау туралы ойламаған болсаңыз, мұныңыз қате боп жүрген болуы әбден мүмкін.  

Мол табысқа кенелтеді

Мобайл қолданбаның басты артықшылығы сол — ұялы телефонда болатыны. Яғни ол клиенттің үнемі қолында жүреді. 24/7 қосылып тұрады десек, артық емес. Карантиннен кейін көпшілігі сол күйі онлайн-шоппиң таңдайтын болды. Себебі «дүкен жабылып қалатын болды» немесе «мына жер үйімнен алыста екен» деген кедергі алдыңыздан шықпайды. Шопиң қай заманда да сәннен шықпайды. Өйткені қажеттілік бар. Оған отандық маркетплейстердің өзі айқын дәлел бола алады.

Ал енді қолданба кімдерге керек? Шамамен бүкіл бизнеске қажет десек болады. Айталық, киім-кешек, аяқ-киім, азық-түлік, бояу мен күтім заттары, кітаптар, тұрмыстық техника, гаджеттер, үйге арналған тауарлар, түрлі құрал-сайман, ыдыс-аяқ, асүйге арналған жабдықтар, билеттер, дәрі және өзге де тауарлар сататындарға аса қажет. Қазір жұртқа дүкенге барып уақыт пен жолға ақша құртқаннан тікелей жеткізу қызметі арқылы алдыра салған қолайлы. Әлдекімге қоңырау шалып, мессенжерде сөйлесіп отырғаннан гөрі мобайл қолданбадан керегін жазып, қай кезде келуі керек екенін таңдап, онлайн төлей салса, сол оңай. Онлайн-шоппиңнің осындай артықшылығын қазір барлығы дерлік жақсы түсінеді. Сол себепті сізде бизнес болса, осыған мән беріңіз. Әсіресе, жеткізу қызметін жолға қойсаңыз, онда бизнесіңіз тіпті өрлейді. Клиенттің жағдайын жасаған сайын сіздің беделіңіз арта түседі.   

Мобайл технологиялар дәуірі басталғалы қашан. Сондықтан осы жаққа баса мән берген адам ұтылмайды. Өйткені бизнес құрал ретінде ерте ме, кеш пе қолдану қажет болады. Сондықтан неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым өзіңізге жақсы. Нарыққа ерте кіргендер бір бәс жоғары тұратыны белгілі. Мысалы, осыдан 10-15 жыл бұрын компанияның жеке сайты болуы сирек құбылыс еді. Ал қазір бизнес бастағанда осы сайт жасауда бірден қолға алады. Мобайл қолданбалар да солай. Мұндайда қазақ «темірді қызған кезде соқ» дейді.

Трендтен қалмау керек

Заман талабы солай. Ілеспесеңіз, көштің соңында қаласыз. Кейінгі кездері «трендте болу» туралы жиі айтылады. Ол да бекер емес. Бұл жай ғана слоган емес, бизнес иелерінің өмір салты. Яғни темп беріп отыру, бәсекелестерден бір қадам алда жүру деген сөз. Соның арқасында бизнесте молырақ пайдаға кенелесіз. Егер мобайл қолданбаны түсінікті, сапалы, әдемі қылып жасасаңыз, ол имиджіңізге оң әсер етеді. Егер бәсекелестеріңіз бұл бағытта жұмысты бастап кетсе, қапа болмаңыз. Жақсылап зерттеп, олардағы кемшіліктерді түзетіп, жасатсаңыз әлі де кеш емес. 

Сіз туралы ақпарат беретін құрал

Мобайл қолданба да сайт секілді сіз туралы толыққанды мәлімет береді. Бұрын визит карта тарату сәнде болған болса, қазір әдіс өзгерді. Яғни соның заманауи баламаса десе болады. Мынадай мысалды қарастырайық. Адамдар қазір танысқанда нөмір алмаспайтын болған. Әлеуметтік желідегі парақшасын, айталық, инстаграмын айтады. Тіпті қарапайым қоңырау шалу да сәннен қалып барады. Мессенжердегі видео не аудиобайланысты көбірек пайдаланады. Бизнесте де көп нәрсе осылай онлайнға көшіп кетті. Сервистер де түгел дерлік жаңа форматқа ауысты. Мысалы, қазір таксиді көшеден ұстайтын не диспетчер арқылы қоңырау шалып шақыратындар өте аз. Оның орнына бірнеше мобайл сервистің ішінен өзіне бағасы, қызметі ұнайтын түріне тоқталады. Тіпті телефонының қуаты таусылып қалса да, біреуге өтініш айтады. Сондай-ақ, біреуге бірдеңе беріп жіберу керек болса да, курьер шақырып, оның қай жерде кетіп бара жатқанын көріп отыруға болатын сервиске жүгінеді. Яғни қазір тұрмыста керек болатын кез келген қызмет түрі онлайнға көшкен. Әлбетте, бұған пандемия аса қатты әсер етті.   

Клиенттермен байланыс

Мобайл құрылғылар арқылы клиенттермен бес түрлі бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Біріншіден, аудиторияны кеңейтесіз. Яғни смартфон арқылы коммуникация құруға ниетті таргет аудиторияны өзіңізге тартып аласыз. Кім болса да жолына жүктеп ала салмайды. Смартфонына жазып алса, демек қажет болғаны. Оған сіздің қызметіңіз не тауарыңыз қызық болды деген сөз. Жүктеп алған адамды ұстау қалуға тырысу — сіздің мақсатыңыз болсын. Мәселен, қараңыз: турагенттік қолданбасы шетелге демалысқа шыққысы келмей адам жазып алмайды, солай емес пе? Жазғы демалысын ауылда шөп шауып, егіндікте өзкізетін болса, оған әлгі аппликейшн керек емес. Тіпті ол жерде тур сатып алсаңыз кэшбек беріп, жеңілдік жасайтын болсаңыз да қызықпайды. Демек, келген клиент мақсатты түрде жүктеп алды деген сөз. Осы ретте сізге сол аудиторияны ұстап қалу үшін небір маркетиң әдістерін қолдану қажет болады. Ол дегеніміз бонус, акция, жеңілдік, байқау ұйымдастыру дегендей әдіспен жүзеге асырылады. Танымал брендтерді байқасаңыз, осы тәсілге жиі жүгінеді. Халық та соған ұмтылады. Мысалы, 11 қарашада шопиң күні болса, сол күні 60-70 пайыз жеңілдікпен саудаласауға мүмкіндік берілді дегендей.  

Екіншіден, рush-хабарламалар клиентпен үнемі байланыс ұстауға мүмкіндік береді. Яғни адам телефонындағы қолданбаларды күнде бәрін қарап, бақылап отырмайды. Тіпті кейбірінің смартфонында бар екенін ұмытып кетеді. Ондай болмас үшін хабарламалар жіберіп тұрған жөн. Сонда акциялардан құр қалмайды. Айтқан хабарыңыз ұнаса, кері байланыс міндетті түрде болады. тіпті қолданушылардың жартысынан астамы акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты осы апптар арқылы қарайды екен. Оның үстіне сіз еске салғыш қылып хабарлама жіберіп тұрсаңыз, онда тіпті жақсы әсер етеді. Әлбетте, кейбіріне ондай Рush ұнамауы мүмкін. Оны өшіріп тастап, не қолданбаны мүлдем пайдаланбай қоюы мүмкін. Оны да ескеру қажет. Десе де бұл әдіс конверсияға жақсартады. Бұл анық. Көпшілікке кэшбек жүйесі қатты ұнайды. Яғни сізден тауар алған сайын оның белгілі бір пайызы қайтып тұрғанын қалайды. Бұл — келісіде де сізден алуға шақыратын тәсіл. Өйткені белгілі бір сома жиналған соң ол кэшбекті пайдаланып, әлдебір тауарды тегін алуға мүмкіндік ашылады. Болмаса, кейбірі 5 рет қызмет не тауарды алсаңыз, алтыншысы тегін деп шақырады. Мұндай тартатын әдістің неше атасы белгілі. Сізге керегі — соның ішінен таңдап, өз кәсібіңізге лайықтау. Айтпақшы, бонус жинайтын карта шығарып әуре болмаңыз. Оның заманы өтті. Сондықтан бұл форматты да онлайнға ауыстырыңыз. Картаны үйде тастап кетуі не жоғалтып алуы мүмкін. Ал смартфонда болса, ондай қауіп жоқ.    

Үшіншіден, клиенттің сізге деген сенімі артады. Өйткені мобайл қолданбада кері байланыс бар. Әлдебір мәселе туындап қалса, дереу шеше алады. Яғни клиент сіздің тарапыңыздан қамқорлық, қорғаныш сезе алады. Егер сол жағын дұрыс жолға қоя алсаңыз, сіздің тауарыңыз салыстырмалы түрде қымбат болса да осы кері байланыс үшін өзгені таңдамай, сізге қайта келе береді. Ол сіздің адал істейтініңізді, мәселеніңізді шешімсіз қалдырмайтыныңызды жақсы біледі.

Төртіншіден, қызметіңізді шынымен қатты ұнатып қалса, басқаларға да айтып, ұсынып жүреді. Бұл әдіс бұрыннан бар. Бизнестің қай түріне де керек. Бесіншіден, тұтынушының жақсырақ түсініп, қажетін сезіне бастайсыз. Яғни олар алатын заттары мен істейтін қадамдарына анализ жасау арқылы компаниядағы мәселелердің шеті шығып қалуы мүмкін. Клиентіңіздің портерін шығара аласыз. Сондай-ақ, орташа чекті шамамен білесіз. Сұраныстарынан хабардар болып жүресіз. Осының арқасында кәсібіңіздің маркетиң көрініс шығады. Бұл — өте жақсы әдіс. Әр клиенттің қажетіне сай жеке ұсыныс жіберіп, қуантуға мүмкіндік туады. Ал адам өзінің елеулі болғаныа қашан да мәз болады.

Жұмысыңызды жеңілдетесіз

Байқағаныңыздай, мобайл қолданба адам өмірін сұмдық жеңілдетеді. Клиенттермен байланысты чат арқылы реттеп қойсаңыз болғаны. Телефон арқылы әркім өзі жазылып, сатып алып, төлеп, жеткізу тәсілін таңдап, сондай жұмыстарды атқара береді. Осы сынды ұсақ-ұсақ мәселелерді оңтайландыру керек. Оларды клиент неғұрлым өздігімен шеше алатындай жағдай жасаған сайын, сіздің кәсібіңіз соғұрлым алға жылжижы. Арнайы қызметкерлер ұстаудың қажеті азаяды. Әлбетте, автомат түрде өзі атқарыла бермейді. Десек те, біршама жеңілдейтіні сөзсіз. Мысалы қазіргі таңда көп компания телефон операторларына шығындамайды. Оның орнына сайт пен қолданбадағы чат қызметін қолданады. 

Барлығына дерлік керек пе?

Әрине, қолданбасыз кәсіп жүргізу мүмкін емес дей алмаймыз. Сол себепті басынан басым көпшілігіне қажет дедік. Оны жекелеген жағдайларға қарап шешу керек. Мысалы сіз сататын тауардың бағасы қымбат әрі кеңес алуды қажет ететін болса, онда қолданба аса қажеті болмауы мүмкін. Болмаса, шалғай ауданда орналасқан дүкенге қолданба жасамай, жай ғана парақшалар арқылы сата беруге болады.   

Сондай-ақ оқыңыз