Литва 2023 жылы 1000 украин сарбазын оқытуды жоспарлап отыр

Жарияланды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің басшысы Арвидас Анушаускас мәлімдеді

2023 жылы Литвада 1000-ға жуық украиналық әскери дайындықтан өтеді. Бұл туралы Балтық республикасының қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біздің Украинаға көмегіміз тек қару-жарақ беру арқылы ғана емес, сонымен қатар украин әскерін оқыту арқылы да көрсетіледі. 2023 жылы литвалық нұсқаушылар 1000 сарбазды дайындайды», – деді ол.

Әскери дайындық курстарының бір бөлігі Литвада, бір бөлігі НАТО-ның украиндық әскерилерді оқыту бағдарламасы аясында басқа елдерде ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз