Toyota Ресейде қызметкерлерін қысқарта бастады

Ресейдегі өндірісті тоқтатудан компанияның шығыны 650 млн доллардан асады

Жапондық көлік өндіруші Toyota ресейлік зауыттағы қызметкерлерін қысқартуға кірісті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Санкт-Петербургтің еңбек және халықты жұмыспен қамту комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кәсіпорын қызметкерлерді тараптардың келісімі бойынша жұмыстан босатады. Қызметкерлерге кем дегенде 12 орташа жалақы мөлшерінде төлемдер ұсынылады – бұл сома компаниядағы жұмыс өтілі мен лауазымына байланысты беріледі.

Сонымен қатар, компания 50 мың рубльге дейін оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру шығындарын өтеуге дайын.

Toyota Санкт-Петербургтегі Шушары ауылындағы 15 жыл жұмыс істеген зауытты жабу туралы шешімін қыркүйек айының соңында жариялады. Автоконцерн Мәскеудегі сауда желілерін қолдау және елдегі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін өзінің өкілдігін қайта құрылымдауды жоспарлап отыр.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда