ЕО үш елді шенген аймағына қабылдауды ұсынды

Жарияланды
Бұл елдер Болгария, Румыния және Хорватия

Еурокомиссия Шенген келісіміне тағы үш елді қабылдауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдер Болгария, Румыния және Хорватия.

Бұл елдер визасыз кеңістікке қосылудың барлық шарттарын орындағаны атап өтілді. Брюссель сыртқы шекараларды нығайту және ішкі шекаралық бақылаудың болмауы арқылы Еуропаны қауіпсіз етеді деп санайды.

Желтоқсанда әділет және ішкі істер кеңесі бұған дауыс беруі керек.

Шенген аймағы – Еуропалық Одақтың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бұл байланыстар ішкі нарықтың өсуіне, экономиканың дамуына, халықтың өмір сүру деңгейінің де жоғарылауына ықпал етеді. Барлық үш мемлекет – Болгария, Румыния және Хорватия Шенгенге қосылуға дайын. Олар үміткерлерге қойылатын талаптарды әлдеқайда жоғары деңгейде орындайды»-деді Еуропалық ішкі істер комиссары Илва Йоханссон.

Сондай-ақ оқыңыз