G20-ның келесі саммиттері алдағы жылдары қай елдерде өтетіні белгілі болды

Жарияланды
Алдағы үш жылда Үндістанда, Бразилияда және Оңтүстік Африкада өтеді

2023, 2024 және 2025 жылдардағы G20 саммиттері Үндістанда, Бразилияда және Оңтүстік Африкада өтеді. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.

«Біз 2023 жылы Үндістанда, 2024 жылы Бразилияда және 2025 жылы Оңтүстік Африкада кездесуді асыға күтеміз», – деді G20 көшбасшылары Индонезия саммитінен кейінгі Бали декларациясында.

Бұған дейін 2023 жылы G20-ға төрағалық ететін Үндістан Нью-Делиде өтетін саммиттің жоспарланған күндерін жариялаған болатын: 2023 жылдың 9-10 қыркүйегі.

Сондай-ақ оқыңыз