Сейсмологиялық институт ерте хабарлау жүйелерін жетілдірмек

Earthquake Early Warning жүйесін құру қызметі туралы көпшілікке таныстырылды.


Сейсмология институтында «Автоматтандырылған ерте хабарлау жүйелері. Сейсмологиялық және сейсмометриялық мониторинг жүйелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Фото; сейсмология институты

Семинарға EEW жүйелерінде қолданылатын жабдықтарды сату бойынша аймақтық менеджерлер, компания өкілі, GSL UK өкілі, «Dsis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Павел Пауков және институттың ғылыми қызметкерлері қатысты. Семинар барысында GSL UK өкілі, «Dsis» ЖШҚ бас инженері Павел Пауков Орталық Америкада, Канадада, Иранда, Оңтүстік Кореяда жер сілкінісін ерте хабарлау автоматтандырылған жүйелерінің жобасы аясында енгізілген Earthquake Early Warning (EEW) жүйесін құру және қызметі туралы көпшілікке таныстырды.

«Сейсмологиялық және сейсмометриялық мониторинг жүргізуге арналған ерте хабарлау жүйелері Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан аумақтарында орнатылған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Шардара су қоймасына сейсмологиялық және сейсмометриялық мониторинг жүйесін енгізу жүзеге асырылуда. Осы жобаның аясында ақпараттық-коммуникациялық және ғарыштық технологиялардың көмегімен мониторинг жүргізу табиғи апат және техногендік сипаты бар қатерлердің алдын алуды ұйымдастыру үшін маңызды.

Сондай-ақ, тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сейсмикалық үдерістерге кешенді іргелі зерттеулер жүргізу үшін де тиімді», – деп атап өтті Павел Пауков.
Атап өтсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында 2025 жылға қарай 28 сейсмостанцияны орнатуды және ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырған болатын.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда