Қайсар Қайратұлы: Тендерден жақсы табыс табуға болады

Жарияланды
Кәсіпкердің айтуынша, бұл салада мүмкіндігі  шектеулі жандарға да арнайы көптеген жеңілдіктер бар

Тендер дегеніміз не?

Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар өзіне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тендер өткізеді. Арнайы конкурсті өткізіп, өздеріне қандай тауар керек, қандай мөлшерде, қашан және тағы сол сияқты ақпарат беріледі. Тендерді мемлекеттік мекеме ұйымдастырса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, теңдерде жеңіске ең арзан баға ұсынғаны кәсіпкер жетеді. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – төрт жыл бойы тендер саласын толық зерттеп, айына миллиондаған табыс тауып жүрген кәсіпкер Қайсар Қайратұлы.

– Тендермен айналасып жүргеніңізге қанша болды? Неге нақты бұл саланы таңдадыңыз?

– Қазіргі таңда тендермен айналысып жүргенімен төрт жылдан асты. Соңғы 6-7 айда «Тендер бастау» атты оқыту орталығын аштым. Бұл орталықта тендерге байланысты кәсіп жайлы толық үйретемін. Онлайн және офлайн форматта оқытамын.  Неге нақты тендер саласы десеңіз, бұл кәсіптің артықшылығы өте көп. Негізі қандай кәсіпті ашатын болсаңыз да, 500 мың немесе 1 млн теңгедей қаржы болуы қажет. Ал тендерді сіз қалтаңыздағы 20-30 мың теңгемен де бастай аласыз. Бұл кәсіп үшін арнайы мекемені жалға алудың қажеті жоқ. Арнайы адамдарды жұмысқа алудың керегі жоқ. Қолыңызда ноутбук  пен интернет болса болды. Бұл саланы алып кетуге болады.

– Тендерге келмей тұрып, қандай қызметте жұмыс атқардыңыз?

– Негізгі оқыған салам Жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы. Тендерге дейін әкімшілікте мемлекеттік қызметте болдым. Соңғы төрт жылда бұл жұмыстан шығып, тендер кәсібіне бет бұрдым.

–Тендер жыл мезгіліне қарайды ма?

– Жоқ. Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Бұл кәсіпте салған  қаражатыңыз толық қайтады деп сенімді айта аламын. Өйткені қаржы мемлекеттен келеді.

– Тендерден қалай қаржы табуға болады?

Тендерден ақша табу өте оңай. Себебі, бұл жерде арнайы қатып қалға қағида мен ереже жоқ. Кез келген адам тендерден қаржы таба алады. Бұл кәсіптен ақша табудың жолы қарапайым. Тендер дегеніміз- онлайн сауда. Мемлекетке не қажет, біз соны жеткізіп береміз. Мемлекеттің қазынасынан қаржыландыратын кез келген  мемлекеттік мекеме  өзіне қаже тауар, қызметтер мен жұмыстардың барлығын тендер конкурсс негізінде сатып алады. Ал біз  мемлекеттік мекемелерге қажетті жұмыстарын орындау арқылы және тауарды тауып беру арқылы табыс табамыз.

– Тендерге кез келген адам қатыса алады ма?

–Тендерге қатысу үшін міндетті түрде заңды тұлға болуы қажет. Міндетті түрде жеке кәсіпкерлік (ИП­) болуы керек. ЭЦП ключ қажет.

– Тендерді нақты қанша қаражетпен бастауға болады?

– Тендерді кез келген қаржымен бастай аласыз. Мысалы, бір мектептен сізге проектордың пультіне тапсырыс түсі. Сізге 10 мың теңге ұсынды. Базардан  бұл тауарды 3000-4000 теңге көлемінде табуға болады. Сөйтіп сіз, өзініңдің қалған таза пайдаңызды  таба аласыз.  Осы кәсіпті қалтада бар 5000 мың теңгемен де бастауға болады. Бәрі өзіңізге байланысты.

– Тендердің нақты артықшылығы?

 – Жарнама, сайт, маркетинг қажеті жоқ. Мекеме жалдаудың керегі жоқ. Күніне мыңдаған тапсырыс шығады. Бәсеке аз. Бастысы тендерде кризис жоқ.

– Бұл саланың кемшілігіне тоқтала кетсеңіз?

– Негізі жұмыс тәсілдерін білсеңіз, айтарлықтай кемшілігі жоқ. Бұл сала жайлы жақсы маманнан дұрыс бағытта білім алу керек.

–  Тендерді енді бастаған адамдардың негізгі қателіктері қандай?

–  Ең бірінші қателік –нарықты зерттемей теңдерге қатысу. Тек СНГ мен Қытайдан ғана тауар алып пайда табамын деп ойлау. Қазақстан нарығымен жұмыс жасай алмау. 90 пайыз адамдар танитын тауарды алып, жақсы қаражат табамын деп ойлау, ерекшелене алмау. Міне осы қателіктеді жіберіп, көптеген адамдар кәсіпті дұрыс бастай алмай жатады.

–  Бұл салада қанша қаражат табуға болады?

– Бұл кәсіптен табатын нақты қаражатты айту қиын. Бірақ, бір тендердің өзі сіздің өміріңізді өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Өйткені, бір тендерден таза 5-10 млн маржа тауып тұрсаңыз, көптеген жұмыстады атқара аласыз. Бұл тендер кәсібінің қаржы жағынан шарықтау шегі жоқ. Бұл салада тек 1 млн теңге табыс таба аласын деген қатып қалған қағида жоқ. Кәсіпке салған қаржыңыздың 20-30 пайызы таза маржа болады.  Тендер жыл мезгіліне қарамайды. Өйткені, мемлекет өзіне қажетті нәрсені тек тендер арқылы алады. Тендерде тек қана тауар емес, дәрі-дәрмек, бүкіл мемлекеттің тыныс-тіршілігі тендермен байланысты.

– Мүмкіндігі шектеулі адамдар тендермен айналыса алады ма?

– Бұл сала мүмкінділігі шектеулі деп бөліп жармайды. Керсінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға тендерде арнайы жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған.

– Тендерді қанша уақытта үйренуге болады?

– Негізі тендер кәсібін біздің 3-4 сабағымызға қатысып үйреніп алуға болады.

– Тендер саласы туралы оқыту жайлы толық айтып кетсеңіз?

–  Менің қазіргі кезде Шымкент қаласында «Тендер бастау» атты оқытуға арналған  орталығым бар. Бұл орталықта 4-5 маман жұмыс істейді. Біздің орталық тендерден бөлек Wildberries, Kaspi сияқты заманауи трендтегі мамандықтарды оқытамыз. Алдағы уақытта, біз офлайн фарматта оқыту франшизасын сатамыз. Негізгі бағытымыз – тендер үйрету. Ендігі кезекте, біз еліміз бойынша басқа қалаларда да, оқыту орталығын ашқымыз келеді. Сондықтан, тендермен айналыса алатын адамдарды басқа қалалардан іздейміз. Бұл франшизаны алған адам 2 млн-нан артық қаржы табатынына толық гарантия беремін. Мен осы тендер курсын өткізу арқылы айына 5 млн табыс табамын.  Бұл бизнес жоспарды алған адамға толық басынан не оқыту қажет, клиенттермен жұмыс және т.б жұмыстарды толық түсіндіремін.

Сұхбатыңызға рақмет.

Сондай-ақ оқыңыз