Бельгияда босқындарды қабылдауда қиындықтар туындауда

Жарияланды
Көптеген мигранттар көшеде түнеуде

Бельгия күрделі миграциялық дағдарысты бастан кешуде. Тіркеу орталығының алдында әр таң сайын пана іздеушілер ұзын-сонар кезекке тұрады. Балалы отбасылардың өтініштері бірінші кезекте қаралады, бірақ олар үшін босқындарды орналастыру орталықтарында орын жеткіліксіз. Гуманитарлық ұйымдардың күш-жігеріне қарамастан, көптеген келушілер көшеде түнеуге мәжбүр.

«Соңғы күндері біз 15 жасар балаларды, төрт кішкентай баласы бар отбасыларды қараусыз қалғаның көрудеміз. Біз оларға шұғыл көмек көрсетуге тырысамыз. Бірақ әлі күнге дейін үйсіз қалған отбасылар мен кәмелетке толмағандардың саны артуда. Жақын болашақта біз бұл жағдайды шеше алатынымыз екіталай», – дейді Фландрия босқындар кеңесінің үйлестірушісі Хелен Ассельман.

Федералды үкімет босқындарды қабылдау және орналастыру құрылымдарында 32 мың орын бөлді. Қазір олардың барлығы толып кетті. Қазан айының ортасынан бастап мемлекет кей жағдайларда қонақ үй нөмірлерін төлеп, мигранттарды уақытша үйлеріне қабылдай алатын азаматтар қауымдастығынан көмек сұрауда.

Сондай-ақ оқыңыз