Финляндия Украинаға тағы да әскери көмек көрсетеді

Жарияланды
Көмек пакетінің құны 55,6 миллион еуроға бағаланып отыр

Финляндия Украинаға әскери көмектің тағы бір пакетін береді. Бұл соғыс қимылдары басталғаннан кейін фин тарапы үшін рекордтық көлем болады. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.

«Республика президенті бұл мәселе бойынша шешім қабылдады», – деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.

Бұл бүгінгі күнге дейін ең үлкен көлемдегі әскери техниканың оныншы партиясы, деді қорғаныс министрі Антти Кайкконен.

Оның айтуынша, «қосымша көмек Украинаның қажеттіліктерін де, Финляндия қорғаныс күштерінің ресурстық жағдайын да ескереді».

Көмек пакетінің құны 55,6 миллион еуроға бағаланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз