Петропавлда газ жарылып, 9 адам зардап шекті

Жарияланды
Сондай-ақ, 10 көлік зақымданды

Петропавлдың индустриялық аймағында техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында газ баллоны жарылды. 9 адам зардап шекті, 10 көлік зақымданды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Жеңіл көлікке орнатылған газ баллоны жарылған. 101 қызметіне сағат 16 кезінде шақырту түсті. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам «Жедел жәрдем» көлігімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер 100 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды ауыздықтады. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 43 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз