АҚШ индекстері жұма күні 0,1-0,6% өсті

Жарияланды (жаңартылды )
Геосаясат жаңалықтары мен ұлттық банк өкілдерінің сөзі инвесторлар назарында

18 қараша күні Америка құрама штаттарының (АҚШ) қор нарығы сәл-пәл көтерілді. Инвесторлар мен трейдерлердің көңіл-күйіне геосаясатжаңалықтары мен ұлттық банк өкілдерінің сөздері әсер етті, деп хабарлайды Barron’s.

Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,6% – 33 745,69 пунктке дейін өсті. UnitedHealth Group медициналық сақтандыру ұйымы, Cisco Systems технологиялық конгломерат пен Merck & Co компанияларының акциялары қымбаттады. Бағдарламалық жасақтама әзірлейтын Salesforce,Walgreens Boots Alliance дәріханаар желісі мен Chevron компаниясы бағалы қағаздарының құны төмендеді.

S&P 500 ауқымды нарық индексі 0,5% – 3 965,34 пунктке дейін көтерілді. Он бір сектор арасында тоғызы сауданы жасыл аймақта аяқтады.

Технологиялық Nasdaq Composite индексі тек 0,1%, – 11 146,06 пунктке дейін өсті. Ross Stores әмбебап дүкендер желісі, Palo Alto Networks және MercadoLibre акциялары сауданы өсіммен аяқтады. NetEase, Fortinet және Baidu бағалы қағаздары, керісінше, аутсайдер атанды.

Американың қор нарығы жұманы жасыл аймақта аяқтады. Бұл күні саяси жаңалықтармен қоса, бас банк өкілдері айтқан сөздер нарық қатысушыларының назарында болды.

18 қараша күні Ресей АҚШ-пен жоғары деңгейдегі тұрақтылық мәселелері бойынша байланыс орнатуға дайын екенін хабарлады. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков егер Вашингтон мұндай байланысқа қызығушылық танытса, Ресей жоқ демейді деген болатын. Бұл жаңалықтан кейін WTI маркалы мұнайдың бағасы 80 долларға дейін төмендеді.

Бас банк базалық мөлшерлемені өсіру қарқынын әлі де бәсеңдетпейтіні Ұлттық банк өкілдерінің сөздерінен белгілі болды. Кейбір сарапшылардың айтуынша, негізгі мөлшерлеме 7%-ға жетуі мүмкін. Америка нарығының қатысушылары сонда да желтоқсан айында өтетін ұлттық банк отырысында мөлшерлеме 75 базистік пункттің орнына тек 50 базистік пунктке көтеріледі деп сенеді. CME FedWatch ақпараты бойынша, трейдерлер негізді мөлшерлеменің 50 б.п. өсуі 75% құрайды деп бағалайды.

18 қараша, жұма күніндегі сауда бойынша ресейлік қор нарығы төмен түсті: Мәскеу биржасының индексі 0,3%, индекс РТС 0,4% жоғалтып алды.

Қазақстан қор биржасының KASE индексі жұма күні 0,22%, 3063,47 пунктке дейін өсті. Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 1,7 есе көбейіп, 80,5 млн теңгені ($175,4 мыңды) құрады.

Лондон қор биржасында (LSE) Kaspi бағалы қағаздары 1,24%-ға, $71,6-ға дейін, «Қазатомөнеркәсіптің» акциялары 2,05%-ға, $26,25-ке дейін арзандап, Халық банкінің мемлекеттік депозитарлық қолхаттары (МДҚ) керісінше 2,46%-ға, $10,43-ке дейін қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз