Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстанның экс-басшысы қазіргі президентке халықтың қолдауын тіледі

Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда