Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша Қ.Тоқаев 81,3 пайыз дауыс жинаған

Жарияланды
ОСК сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс берді дейді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Кандидат Қ.Тоқаев 81,3 пайыз дауыс жинаған.

20 қарашада өткен ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда дауыс беруге 8 300 046 адам келген. Сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс берген.

Биыл сайлау бюллетеніне Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат және «Барлығына қарсы» деген баған енгізілген. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар мен «Барлығына қарсы» бағаны мынадай дауыс санын жинады:

Әбден Қ.Ж.206 2062,60%
Әуеcбаев Н.С.176 1162,22%
Дайрабаев Ж.М.271 6413,42%
Қажыкен М.З.200 9072,53%
Тоқаев Қ.К.6 456 39281,31%
Тұрсынбекова С.П.168 7312,12%
Барлығына қарсы460 4845,80%

Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы бақылаған.

Сондай-ақ оқыңыз