Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Кандидат Қ.Тоқаев 81,3 пайыз дауыс жинаған.
20 қарашада өткен ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда дауыс беруге 8 300 046 адам келген. Сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс берген.
Биыл сайлау бюллетеніне Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат және «Барлығына қарсы» деген баған енгізілген. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар мен «Барлығына қарсы» бағаны мынадай дауыс санын жинады:
Әбден Қ.Ж. | 206 206 | 2,60% |
Әуеcбаев Н.С. | 176 116 | 2,22% |
Дайрабаев Ж.М. | 271 641 | 3,42% |
Қажыкен М.З. | 200 907 | 2,53% |
Тоқаев Қ.К. | 6 456 392 | 81,31% |
Тұрсынбекова С.П. | 168 731 | 2,12% |
Барлығына қарсы | 460 484 | 5,80% |
Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы бақылаған.