Үкімет алдағы жеті жылда не істейді?

Жарияланды (жаңартылды )
Премьер-министр Үкіметтің негізгі міндеттерін атады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаев қайта президент болып сайланғаннан кейін Үкімет қандай бағытта жұмыс істейтінін айтып өтті.

«Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іс жүзіне асыру. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады», деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар осы мақсат үшін, яғни әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс.

«Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталатын болады», деді Премьер-Министр.

Қазақстанда 20 қараша күні ҚР президентін сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халықтық коалиция ұсынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз