Дизель отыны бір жылда 31% қымбаттады

Жарияланды
Дизельдік отын өндірісі бір жылда 10% артты

Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде 4,6 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7% артық.

Жалпы, 2021 жылы еліміздегі дизель отыны өндірісі бір жылда 6,6% артып, 5 млн тоннаны құрады

Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар дизель отынына деген сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспорт) бір жыл бұрынғы 97,3%-бен салыстырғанда 99,3%-ға қамтамасыз етті. Осы кезеңдегі өндіріс 3,6 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,9% артық.

Дизель отынының импорты мен экспорты күтілгендей шамалы болды: тиісінше 23,8 мың тонна (бір жыл бұрынғыдан 3,9 есе аз) және 60,5 мың тонна (3,4 есе аз).

Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5% артық.

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша дизель отыны бағасы бір жылда 12,5% өсті. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3% арзандаса, қысқысы керісінше бірден 30,7% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең қатты қымбаттаған Ақтөбе облысында: бір жылда 27,9%. Одан кейін Абай (24,6% қымбаттады) және Шығыс Қазақстан (24,4% қымбаттады) облыстары. Бір жылда баға ең аз өскен Алматы облысы: 0,5%. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейде қалды. Түркістан облысында 1,8% арзандады.

Үкіметке дала жұмыстарына арналған дизель отынына акцизді төмендету ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезеңіне акциз мөлшерлемесін тоннасына 35,7 мың теңгеден 540 теңгеге дейін төмендету ұсынылды.

Мәжілісмен Айқын Қоңыровтың айтуынша, уәкілетті Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қымбатшылықпен тиісті деңгейде күресе алмай отыр. Себебі — сапасыз жоспарлау, агроөнеркәсіптік кешендегі және саудадағы делдалдардың көлеңкелі секторымен күрестің әлсіздігі, отандық тауар өндірушілер мен өңдеушілерге жеткіліксіз қолдау, ақпараттық саясаттағы сәтсіз көзқарастар.

Сондай-ақ оқыңыз