Индонезиядағы жер сілкінісінен 40-тан астам адам қаза тапты

Жарияланды
100-ден астам азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Индонезиядағы жер сілкінісі салдарынан ондаған адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Батыс Ява провинциясындағы Чианжур ауданының 44 тұрғыны табиғи апаттың құрбаны болды, 100-ден астам азамат із-түзсіз жоғалған. Жер сілкінісінен ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер мен қосалқы құрылыстар сияқты 700-ден астам ғимарат зақымданды.

Жерасты дүмпулерінің күші 5,1 баллға жеткені атап өтілді. Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Джакартадан оңтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

9 қарашада Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланды. Ол Римини қаласынан шығысқа қарай 64 шақырым жерде тіркелген. Сонымен қатар, жер сілкінісі қаладан шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан Пезаро маңында да болды.

Сондай-ақ оқыңыз