22 жасында айына 5 миллион қаржы табатын жас кәсіпкер бірнеше дүкен ашты

Бағыжан Темірханұлы: Алты айда 50 млн теңге тауар айналымын жасадым

Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері Алпамыс Бағыжан Темірханұлы 22 жасында айына 5 миллионнан астам қаржы әкелетін сауданы дөңгелетіп отырған жайы бар. Бұл дүкенде құрылысқа, ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға қажетті тоққа жалғанбайтын құрал-жабдық сатады. Жалпы, алты айдағы тауар айналымы 50 млн теңгеден асады екен. Бағыжан қазіргі кезде бірнеше дүкен ашқан.

– 22 жасыңызда бірнеше милллион қаржы тауып отырсыз. Сонда, қанша жасыңызда кәсіпке бет бұрдыңыз?

– Менің негізгі мамандығым – инженер. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтадым. Жоғарғы оқу орнын 19 жасымда бітірдім. Басапқы кезде көлік жуатын орын аштым.  Біраз уақыттан кейін, көлік жуатын кәсіпті жауып, сауда-саттыққа бет бұрдым. Сауда  кәсібін бастаған себебім, біріншіден,  маржасы көп және жыл мезгіліне қарамайтын бизнес. Сондай-ақ, әрқашан сұранысқа ие кәсіп. Бастапқа уақытта, бірнеше құрал-жабдықпен бастаған кәсіптен, қазіргі уақытта бірнеше дүкен аштық.

– Бір айдағы таза пайда қанша?

– Бір айда нақты осынша пайда деп айта алмаймын. Кем дегенде ай сайынғы таза пайда 3-5 млн теңге аралығында. Жарты жылдағы тауар айналымы 50 млн теңге көлемінде.

– Құрылысқа қажетті құрал-жабдық сататын неше дүкеніңіз бар?

– Қазіргі кезде үш дүкенім бар. Сонымен қатар, он беске жуық  әр қаладан серіктесім бар.

– Бұл саланы қанша қаражатпен бастадыңыз?

– Ең бастапқа кезде бұл саланы 150 мың теңгемен бастадым. Кәсіптен жақсы нәтиже көргеннен кейін, сегіз айдың ішінде дүкен аштық. Бұл бизнес алып-сату болғандықтан ешқандай көп кемшілігі жоқ. Яғни, бұл құрылғылар тамақ сияқты бұзылып, шіріп кетпейді. Өз құнын, яғни бағасын жоғалтпайды. Өзін толық ақтайтын кәсіп. Бірақ, кей кездері сатып алушыға ұнамай жататын кездер де болады. Бұл салада сатып алушымен жақсы тіл табысып, мінезін көтере білу  қажет.

– Қажетті құрал-жабдықтарды қай жерден аласыз?

– Барлық сатып отырған құрал-жабдықтарды Қытайдан аламыз. Біз тікелей Қытайдағы зауытпен келісім жасадық.

– Бұл кәсіптегі сұраныс жағы қалай?

– Әрине, қазіргі кезде сұраныс жақсы және өте көп. Өзіміз сатамыз, оған қоса серіктестерімізге сатуға  береміз. Олар тауарды өз қаласында сатады. Сонымен қатар, OLX, Market.kz пен Wildberries-те де сауда жақсы өтеді.

– Құрал-жабдықтардың ассортименті қандай?

– Бастапқа кезде 40-қа жуық құрал-жабдық түрін саттық. Қазіргі кезде 70-тен астам түрін сатамыз.

– Сіздер сататын құрал-жабдықтардың ерекшелігі қандай?

– Біріншіден, сапасы өте жақсы. Екіншіден тоққа жалғап жүрмейсіз. Барлығы батарейкамен істейді. Құрылыс кезінде биікке шығу қажет болса, тоқ жалғамай, қолға ұстап жүре бересіз. Бір құрылғыдан кемі 12-15 мың теңге көлемінде таза маржа табасыз.

–Сұхбатыңызға рақмет.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда