Елімізде «Еуразия» кинофестивалі өтетін болды

Жарияланды
Фестивальді өткізу үшін 4 ай бойы ашық конкурс жүргізілген

«Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және  кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба. «Еуразия» кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.

Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісім-шарт жасалды.

Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде «Еуразия» кинофестивалі өтетін болады», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

 Ақпарат ҚР МСМ баспасөз қызметінен алынды

Сондай-ақ оқыңыз