Тоқтар Әбдіхалықұлы: Отандық жиһазға сұраныс жоғары

Жарияланды
Кәсіпкер жиһаз жасау кәсібін дөңгелетіп отыр

 Үй, мектеп, кеңсенің көркін келтіретін – жиһаз. Қазіргі кезде жиһаздың сан алуан түрі бар. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері жиһаз саласында 9 жылдан астам уақыт істеп келеді. Тоқтар Әбдіхалықұлы жиһаз жасап, айына 7-8 млн теңге табады. Ал өзіне түсетін ай сайынғы таза пайдасы 3-4 млн теңге көлемінде.

– Корпусты жиһаз хасауда аза ағаштан жасалған материалдарды қолданамыз.  Жиһаздың көпшілігі ДСП-дан жасалады. Бұған бірақ диван, жұмсақ орындық сияқты жиһаздар кірмейді.

– Жиһаз жасау кәсібімен қанша уақыт айналысып жүрсіз?

– Жиһаз саласында жүргеніме тоғыз жылдан асты. Бастапқы 5-6 жыл жеке комнияда жалдамалы жұмысшы болып жүрдім. Сосын жиһаз саласын толық үйреніп, өз бизнесімді аштым. Өз цехымды ашқаныма үш жылдан асты.

– Тапсырыс берушілерді қалай табасыз?

– Әрине ең бірінші әлеуметтік желі (Instagram), одан кейін таныстар арқылы клиент табамыз. Тапсырыс беріп, көңілінен шыққан сатып алушылар да, өз туған-туыстары мен таныстарына бізді ұсынып жүреді. Одан кейін таргет те қолданамыз.

– Цехта қанша адам жұмыс істейді?

– Қазіргі уақытта цехта 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Оның ішінде таргетолог, жұмысшылар және өзім бар. Ағашты кесетін өзінің арнайы шебері қажет. Өйткені, жиһаздың дұрыс жасалуы үшін әр сантиметр маңызды.

–  Сіздер жасайтын корпусты жиһазды еліміздің барлық өңіріне сатасыздар ма? Жеткізу бар ма?

– Қазіргі кезде, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша жұмыс жасаймыз. Қазақстан бойынша жеткізу жоқ.

– Жеке кәсіпті қанша қаражатпен бастадыңыз?

– Өз кәсібімді 300 мың теңге көлеміндегі қаржымен бастадым. Оның ішінде, цехті жалға алу, таргет және қажетті құрал жабдықтарды алдым. Мен бір кәсіпті бастау үшін миллиондаған қаржа керек деп ойламаймын. Бастысы бастаған ісінде тиянақты, шыдамды болып, алға қойған мақсатты ғана ойлау қажет.

– Қазіргі уақытта айына қанша тапсырыс қабылдайсыз?

– Айына 7-8 тапсырыс қабылдаймыз.  Ай сайынғы саудадан түсетін табыс 7-8 млн теңге. Оның ішінде 3-4 млн теңге өзіме түсетін таза пайда. Пайда бірге-бір.

– Цехті жалға алған кезде, қанша квадрат алу қажет?

– Бұл енді, аса маңызды емес. Әрине, үлкен болған сайын жақсы. Көбірек тапсырыс қабылдауға болады. Бірақ, кәсіпті енді бастаған адам әрине, шамасына қарайды.

–  Тапсырыс көлемі жыл мезгіліне қарайды ма?

– Иә, тапсырыс жыл мезгіліне қарайды. Тапсырыс жаңа жылдың аяғы дейін өте жақсы. Қаңтар, ақпан және наурыз айларында тапсырыс азаяды.

– Корпусты жиһазды жасайтын құрал-жабдық туралы айта кетсеңіз?

– Бұл станоктың аты Altenfort деп аталады. Шеберге қажетті жиһаздың сызбасын ұсынамыз. Ол осы станок арқылы ағашты кеседі. Одан кейінгі тағы бір станок,  «раскроечный» деп аталады. Бұл құрылғы кесілген ағашты сәндеуге арналған. Екі құрылғының да нарықтағы құны 15-16 млн теңге көлемінде. Әрине, бастапқы кезде бұл станоктарды сатып алу қиын. Сол үшін арнайы шеберлерге апарып ағаштарды кестіріп, өзініңіз жиһазды құруға болады.

– Осы саладағы бәсеке жайын айта кетсеңыз?

– Бәсеке өте жоғары. Қазіргі уақытта екінің бірі жиһаз жасау кәсібіп ашып жатыр. Соңгы он жылда бәсеке өте жоғары. Бірақ, сұраныс өте жақсы.

– Жиһазға қажетті материалдарды жай жерден аласыздар?

– Қажетті материалдың көбін Ресейден алдыртамыз. Бірақ, тапсырыс беруші де, өзі таңдау жасай алады. Мысалы, біз тапсырыс берушіге үш мемлекеттің, Ресей, Польша, Австралияның материалын ұсынамыз. Сатып алушы өзі шешеді. Жиһаздың бояуын да таңдауға болады. Бізде бояуды сапасына қарай Түркия, Италия, Ресейден және т.б таңдауға болады. Біз бәрін жасап береміз. Ең қымбат бояу, Италиядан келеді. Қай мезгіл болмасын материал табудан қиындық жоқ.

– Базардан материалдар аласыздар ма?

– Жоқ, базардан алмаймыз. Компаниялардан немесе тікелей сол елдегі сатушылардан аламыз.

– Кесілген немесе артық қалған ағаштарды пайдаланасыздар ма?

– Мысалы, 3 метрлік ас үйдің жиһазына 5 ағаштан жасалған тақтайша қажет. Одан міндетті түрде жарты тақтайша артық қалады. Сол артық қалған ағаш тақтайдан кішкентай тумба жасауға болады. Ол тумбалар 60 мың теңге көлемінде тұрады.

– Тапсырыс берушілер цехқа келіп тапсырыс береді ме?

– Бұл жерде 70 пайыз тапсырыс беруші цехқа келіп, бәрін көріп, танысып, тапсырыс береді. Ал кейбір кездері өзіміз барып тапсырыс қабылдаймыз. Оларға католог ұсынамыз немесе клиент өзі қалаған дизайнды айтып, соны сызбаға түсіреміз. Сызба жасайтын арнайы қосымша бар. Сызба дайын болғаннан кейін тапсырыс берушінің үйіне міндетті түрде барып, қорытынды өлшем жасаймыз.

– Ас үйдің стандартты өлшемі қанша?

– Ас үйлердің көбінің стандартты өлшемі үш метр болады.

– Мысалға, осы үш метрлік ас үй жиһазының ең арзан және ең қымбат құны қанша?

– Ең арзаны 350-400 мың теңге көлемінде. Ал, ең қымбаты 600-700 мың теңге тұрады.

– Жиһазды қанша күнде дайындап бересіздер?

– Келісім-шарт бойынша 15 жұмыс күні деп аламыз. Кейде 20 күн болуы да мүмкін. Біз ескертеміз. Өйткені, жиһазды бояудың өзі бір-екі апта уақыт алады. Сонымен қатар, бояуды толық кептіру қажет.

– Сіздің корпустық жиһазыңыздың ерекшелігі қандай?

– Ең бірінші, пайдаланатын материалымыз өте сапалы.  Сондай-ақ, біз әрқашан ерекше дизайн ұсынамыз.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Сондай-ақ оқыңыз