АҚШ-қа ұшатын 5 мыңға жуық рейс шегерілді

Жарияланды

АҚШ-қа ұшатын 5 мыңға жуық рейс шегерілді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Жауын-шашын, күннің күркіреуі мен қатты жел ұшақтардың уақытылы ұша алмай қалуына себеп болған.

     Ризашылық мерекесіне байланысты бірнеше күн демалып, саяхаттауға шыққан америкалықтар енді үйлеріне жете алмай отыр. Ұлттық мереке күндері 54,6 млн тұрғын сапарға шыққан.

Сарапшылар бұл пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда көп көрсеткіш екенін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз