Елімізде керосин өндірісі 18%-ға өсті

Жарияланды

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 524 500 тонна керосин өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бұл ретте 9 айдың ішінде 68 953,7 тонна керосин импортталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 56%-ға жоғары.
Жиынтық көлемнің ішінен отынның 98,6% ішкі нарықта саудаланған.

Сондай-ақ оқыңыз