Қытайда бір күнде 33 000 жуық адам індет жұқтыруда

Жарияланды

Қытайда пандемия басталғалы бері күніне рекордтық 33 000 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Биліктің мәліметінше, бір тәулікте 32 943 адам коронавирус жұқтырған. Инфекция белгілері 3 103 науқаста анық байқалды, 29 840 адам COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары санатына жатқызылды.

Инфекцияның басым бөлігі (8 мың 499) Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Гуандун провинциясында анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз