ДДСҰ маймыл шешегі ауруының атауын өзгертті

Жарияланды
Мазмұнды журналист

ДДСҰ маймыл шешегі ауруының атауын өзгертті. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Бұған нәсілшіл әзілдер себеп болған. Дәлірек айтсақ, «Монкей-покс» деген термин енді «M-покс» деп аталатын болады. Ғаламторда нәсілшіл және дискриминациялық сипатта адамдарға қатысты әзілдер қаптап кеткен дейді, ұйым өкілдері.

Маймыл шешегі Африкадан тараған. Ол кеміргіштер мен жабайы жануарлардан адамдарға жұғады. Белгілері: әлсіздік, жоғары температура және адам денесінде бөртпе пайда болады. Әлемнің 109 мемлекетінде 77 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан, оның 40 шақтысы қайтыс болды.

Қатысты материалдар