Франциядағы тұтқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Францияда тұтқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір ел түрмелерінде 73 мыңға жуық адам отыр. (72 809). Бұл туралы ru.euronews хабарлады.

Түрме әкімшілігінің қарамағында – бар болғаны 60 мың орын. Түзеу мекемелерінің толтырылуы 120 пайызға дейін көтерілгендіктен, көптеген тұтқындар еденде матрацтарда ұйықтап жатыр.

Еуропалық масштабта 100 000 тұрғынға шаққандағы тұтқындар саны бойынша Франция орташа орында. Бірақ Еуропа Кеңесінің жаңа баяндамасында бұл көрсеткіш 92-ден 107-ге дейін артуы мүмкін.

Француздардың 56 түрмелері 150%-ға толып отыр, ал 3 түрмеде тұтқындар саны орындар санынан екі есе көп. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың төрттен бір бөлігіне жуығы сотталушылар, яғни олар үкімін күтіп отыр.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар