Столтенберг: НАТО Украинаны қолдаудан бас тартпайды

Украина альянсқа мүше болады деген мәлімдемелер күшінде қалады. Ендігі басты назар Киевті қолдауға бағытталады. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Украина.

Бас хатшы «Ашық есік» саясатын альянс сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүргізіп жатқанын баса айтты.

Украинамен қарым-қатынас туралы айта отырып, ол «бұл өте тығыз серіктестік, онда НАТО одақтастары Украинаны қолдайтынын теңдессіз түрде дәлелдеді» деп атап өтті.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесуіндегі басты белгі – Украинаға көмек қаншалықты қажет болса, сонша көрсетілетініне сенімді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз